Accessibility links

Бүгін Қырғызстанның таратылатын парламенті уақытша үкімет құрамы туралы талқылауларды жалғастырады


Хабарларға қарағанда Асқар Ақаев отставкаға кетпейтіндігін айтып, оппозицияны Конституцияға қарсы қадамдар арқасында табысқа жетті деп айыптаған. Қырғыздың "Кабар" агенттігіне осындай мәлімдеме жолдаған Ақаев «мен Қырғызстаннан уақытша кеттім» деген. Ақаев бейсенбі күні оппозиция қолдаушылары үкімет үйін басып алған кезде қашып кеткен болатын.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Ақаев Қазақстанға қашып кеткен, кейіннен ол бұл елден де шығып кеткен көрінеді. Алайда бұл деректің анық-қанығы белгісіз. Оның қазіргі мекен-тұрағы айқын емес. Жұма күні Ресей президенті Вл. Путин «егер Ақаев Ресейде тұрақтаймын десе, есігіміз ашық» деді.

Таратылатын Қырғыз парламенті оппозиция жетекшісі Құрманбек Бакиевті уақытша президент етіп тағайындады. Бакиев бірқатар негізгі министрлерді белгілеп, Бішкек қазіргі халықаралық талаптарды құрметтейтін болады деп атап көрсетті:

- Мемлекеттермен қол қойылған барлық үкіметаралық, халықаралық келісімдер өз күшінде қалады және жұмыс істейді.

Қырғыз оппозициясының басшылары парламенттің жаңа сайлауы жақын арада болады деп мәлімдеді. Роза Отынбаева президент сайлауы маусым айында өткізіледі деп айтты.
XS
SM
MD
LG