Accessibility links

БҰҰ-ының Косово өлкесіндегі өкілі ресми Белградпен Косоводағы ахуал мен осы өлкедегі азын-аулақ серб халқының жағдайын талқыламақшы.


БЕЛГРАД: БҰҰ-ының Косово өлкесіндегі өкілі Сорен Иессен-Петерсен Белградқа сапарын жалғастырып, бүгін Сербия президенті Борис Тадичпен, Сербия премьері Воислав Коштуницамен кездесіп, Косоводағы ахуал мен осы өлкедегі азын-аулақ серб халқының жағдайын, сондай-ақ этникалық албандар мен Косоводағы және Белградтағы билік өкілдері арасындағы келіссөзді қайта жалғастырмақ болған жуырдағы іс-шараларды талқыламақшы. 1999 жылдан бері БҰҰ-ының басқаруына берілген Косово өлкесі - ресми түрде Сербия-Черногорияның құрамдас бөлігі болып саналады. Кеше ол Сербия мен Черногорияның сыртқы істер министрі Вук Драсковичпен кездесті.
XS
SM
MD
LG