Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан өзінің атына кір келмейтініне сенімді


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Ираққа арналған “мұнайды азық-түлікке айырбастау” атты қайырымдылық бағдарламасының төңірегіндегі сыбайластық жемқорлық жанжалына байланысты өзінің атына кір келмейтініне сенімді. Ол жайында кеше БҰҰ-ының өкілі Фред Экхарт мәлімдеді. Соған байланысты бүгін АҚШ-тың орталық банкінің бұрынғы басшысы Пол Волкер бастаған арнайы комиссияның жүргізген тергеуінің қорытындысы жарияланбақшы. Бақылаушылар осы баяндамада К.Аннанның атына сын айтылады деп отыр. Өйткені, оның ұлы БҰҰ-ының қайырымдылық бағдарламасын іске асырған швейцариялық компанияда жұмыс атқарған көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG