Accessibility links

Бүгін Өзбекстан соты Ислам жаугерлік тобының бір мүшесін террорға қатысы бар деген айыппен 19 жылға соттады


Сотталушының адвокаты Самариддин Рүстемов сот оған сатқындық жасады, терроға қатысты, түрлі этникалық және діни топтар арасында арандатушылық қимылдарға барды деген айыптар тақты дейді.

Хусниддин Жураев Өзбекстан Ислам қозғалысының мүшесі. Ол өзінің террорлық шабуылдарға қатысы болмағандығын, тек көпшілікпен байланыс тобына жане жарнамалық істерге ғана жауапты болғандығын айтады.

Жураев өткен жылы Түркияда ұсталған болатын, ол Қырғызстан азаматы болғандықтан, кейіннен Қырғызстанға берілген, ал Қырғызстан билігі өз азаматын Өзбекстан сотына табыс еткен.
XS
SM
MD
LG