"Әл Жазира" араб телекомпаниясы Ирақта кепілдікте отырған үш румыниялық журналисті көрсетті. Үш журналист дүйсенбі күні жоғалып кетті. Бейнетаспада үш румыниялық журналист, бір белгісіз азамат және оларға қару дәлдеп тұрған, араб шалмасын таққан екі азамат бейнеленген. АҚШ сыртқы істер министрлігі румыниялық журналистермен қоса американдық азамат жоғалған деді. Бейнестаспада сол американдықтың болған-болмағаны анық емес. "Әл Жазира" телекомпаниясы оларды ұстап отырған белгісіз топ ешқандай талап қойған жоқ деді.