Соңғы екі тәуліктен бері Ватикандық өкіл Наварро Валс әлемдік ақпарат құралдарына арнап әлсін-әлсін понтификтің денсаулық жағдайы жөнінде хабарлап тұр. Оның айтуынша, бүгін таңертең понтификке сөйлеген кезде ол көзін ашқан. Италия теледидарының хабарына сенсек, бас кардиналдардың бірі Папа өзінің соңғы сәтін сезіп қоштасып қалды депті.
Хабарларға қарағанда Қасиетті Петр алаңында бүгін түнде 60 мыңдай адам понтификке дұға арнап, саулығын тілеп тұрған. Ал сенбі күні таңертеңнен ол араға келіп жатқандарда шек жоқ.
Иса пайғамбардың туған қаласы Иерусалем және Бетлехемде Иоанн Павелге арналған діни рәсімдер өтуде. Сондай-ақ, Карол Войтыла алғаш епископ қызметінде болған Польшадағы Краков шіркеуіне келген ондаған мың адам да понтифик үшін дұға етіп жатыр.
Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса «Ройтер» агенттігіне берген сұхбатында, Иоанн Павелдің Польшадағы, сондай-ақ әлем елдерінде коммунистік режимнің құлауына сіңірген еңбегі ерекше екенін айтқан.
- Мен құдайға сенемін. Иоанн Павел - заманымыздың қасиетті Петры. Ол біздің өмірімізге түрлі жағдайда оң ықпал етті. Иоанн Павел ІІ болмағанда коммунистік озбырлық одан әрі жалғасып, қаншама күрделі мәселені шешуге тура келген болар еді. Ол халықтардың үмітін оятты, соның арқасында халық күресіп, еркіндік, азаттыққа жетті, - деді Лех Валенса.
Рим папасы соңғы рет осы аптадағы сәрсенбіде, әдеттегідей өз бөлмесі терезесінен Ватикан алаңына келге жұртқа сөйлеуге әрекет етті.
Тегі польшалық Карол Йозеф Войтыла 1920 жылы туған. Ол атамекені Польшада гитлерлік басқыншылықты бастан кешкен, еврей холокостын өз көзімен көрген. Шығыс Еуропадағы коммунистік озбырлықтың қара күндері, диктаторлық, тоталитарлық билік режимінен түңілген Карол Войтыла өзінің бар саналы өмірін католик дін жолымен адамзаттық ізгілік мақсат-мүдделерге арнады.
1978 жылы Рим католик шіркеуі дінбасылығына сайланған ол, жер бетінде екі тарапқа бөлінген «қырғи-қабақ соғысы» заманда, тоталитарлық режиммен күреске өзінің тиісті үлесін қоса білді.
Карол Войтыла Рим католик шіркеуінің 455 жылдық тарихында Ватикандағы Қасиетті Петр шіркеуіндегі таққа отырған, шыққан тегі италияндық емес алғашқы шетелдік азамат еді. Осыдан 27 жыл бұрын - 1978 жылғы қазанның 16-сы күні, Ватикандағы кардиналдардың қасиетті алқасы оны понтифик етіп сайлаған кезде, Иоанн Павел ІІ өзінің алғашқы сөзінде былай деген еді:
- Мен сіздің, яғни біздің италиян тілімізде жақсы сөйлей алмаспын, бірақ, қате айтсам, түзете жатарсыздар, келістік пе?
Сондай-ақ, ол 123 жылдан кейін славяндар қауымынан шыққан 58 жастағы алғашқы әрі ең жас понтифик еді. Ол кезде Шығыс Еуропада жаңа саяси төңкерістік жағдай қалыптаса бастаған болатын. Ватикан дінбасылығына отырғанына 8 ай толар-толмаста Иоанн Павел ІІ өз елі Польшаға сапармен барады. Тоғыз күндік осы сапарында Папа ашаршылыққа кезіккен отандастырының ауыр жағдайын көреді. Коммунистік режимге қарсы күрескен «Солидарность» қозғалысына демеушілік қолдауын жасайды.
1995 жылы Папа Иоанн Павел ІІ БҰҰ-ның бас ассамблеясындағы баяндамасында христиандық ой-арманның Шығыс Еуропадағы коммунистік озбырлықпен күрестегі игі әсері жөнінде айтты.
-1989 жылғы революциялар көрсеткеніндей, азаттық, еркіндікке деген халық талабын ешқандай күш баса алмайды. Адамзаттық қадыр-қасиетті адамның өз қолымен жоюға болмайтындығы мәлім болып қалды. 1989 жылғы төңкерістерді қаһарман ер-азаматтар мен әйел-қыздар жасады, - деген болатын БҰҰ мінберінде айтқан сөзінде Папа Иоанн Павел ІІ.
Бүкіл саналы ғұмырында адамзаттық имандылық, ізгілік, әлемдік бейбітшілік, тыныштық, өзара татулық пен ынтымақтастық үшін күресіп өткен Иоанн Павел ІІ-нің өз өмірі де бірнеше рет қауіп-қатерге ілікті. 1981 жылы Римдегі Қасиетті Петр алаңында оны түрік жігіті Мехмет Әли Ақча екі рет атып, қатты жараланған Папа өлім аузынан қалды. Тұтқындалған Мехмет алғашында өзінің советтік КГБ үшін қызмет істеген Болғария барлау қызметімен бірге екендігін айтқанымен, бірақ, артынан ол сөзінен танған еді. Кейінірек Иоанн Павел ІІ Мехмет Әли жатқан абақтыға барып, оны кешіретіндігін айтқанда ол: «Қалайша, мен сізді атып өлтірген емес пе едім?» деп таңданған екен.
Ал 1990 жылы рак ауруына шалдыққан понтификтің тоқ ішегін кескен кезде де онымен жұрт қоштаспақ болған. Одан кейінгі уақытта Рим папасы Паркинсон дертіне кез болды. Ал биыл оның тамағына операция жасалды. Бірақ, Иоанн Павел ІІ қай жағдайда да әлем жұртшылығы көз алдында болып, кемінде аптасына бір-екі рет Ватикандағы жұмыс кабинетіндегі терезеден халыққа көрініп, тікелей өз тілегін айтып жатты.
Соңғы 25 жылда Иоанн Павел ІІ әлемнің 120-дан астам еліне сапармен барып, көпшілік алдында сөз сөйлеп, дұға оқыды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 50-60 тілде бүкіл дүниеге адамзаттық діни құндылықтар жөнінде, әлемдік қадіриет, имандылық туралы ізгі ниет айтты. Рим папасы әлемдегі діни, этникалық алауыздыққа қарсы күреске шақырып, өзара адамзаттық ынтымақтастықты тілеп келді.
2001 жылы қыркүйек айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыруымен Папа Иоанн Павел ІІ төрт күн бойы Астанада болып, бүкіл Орта Азия және өзге де елдерден келген католик дінді қауыммен кездесіп, өз тілегін айтты. Астанадағы Отан-Ана алаңында, Еуразия университетінде, Конгресс-холда, кафедрал соборында болып, мәдениет, өнер, ғылым-білім саласындағы және қатардағы азаматтармен жүздесті. Сол 2001 жылы қыркүйектің соңғы аптасында Астанадағы бір кездесуде Иоанн Павел ІІ:
- Біз АҚШ-та осыдан он күндей бұрын болған террорлық шабуылдарға енді жол бермеуіміз керек. Ондай лаңкестік әрекеттер әлем елдерін өзара теке-тіреске алып келеді, - деген болатын.
Тіпті сол күндердің бірінде Рим папасы өз ойларының бірін қазақтың ойшыл ақыны Абайдың бірер өлең-сөзімен жеткізген еді. Иоанн Павел ІІ Рим католик шіркеуінде ең ұзақ уақыт дінбасы болған әлемдегі 3 понтификтің бірі. Міне, енді, срңғы 26 жыл бойы Ватиканнан тұрып бүкіл адамзаттық игілік, бейбітшілік, ынтымақтастық, имандылықты уағыздап келген қасиетті Ионн Павел ІІ бақилық сапарға аттанғалы жатыр.
Осыдан екі сағаттай бұрын Папа Иоанн Павел ІІ жанындағы әріптесінен қағаз сұрап, өзінің соңғы қоштасу сөзін жазып, ол хатта бірге болған замандастарына өз рахметін айтыпты.