Теһран ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздерде Иран және Еуропа елдері алғашқы оң қадам жасалғаны туралы Франция президенті Жак Ширакпен кездесуден кейін Иран елбасы Мұхамед Хатами журналистерге білдірді. Ұлыбритания, Франция, Германия және Иран ресми өкілдері көкектің 29-ында Лондонда бас қосып, Иранның ұсынысын талқыламақшы. Ол ұсыныс бойынша Иранға азғана мөлшерде уранды байытуға рұқсат берілмекші. Бұл әрекеттер БҰҰ арнайы агенттігі тарапынан жіті қадағаланатын болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі