Accessibility links

Бүгін Украинаның шығысында наразылық акциясы өтті


Мыңдаған оппозиция қолдаушылары мен заң шығарушылар Донецкінің губернаторы Борис Колесниковтың тұтқындалғанына қарсы наразылық акциясына шықты. Колесниковты сәрсенбі күні İшкі істер министрлігінің полициясы қиянаттық жасап, пара беруге мәжбүрледі деген күдікпен ұстаған болатын. Оның жақтастары бұл айыптың саяси астары бар дегенді айтады. Украина омбудсманы Нина Карпачева билік Колесниковты тұтқындамауы керек еді дейді.

Өткен даулы президенттік сайлау кезінде Колсеников Украинаның бұрынғы премьер-министрі Виктор Януковичтің жақтасы болған еді.
XS
SM
MD
LG