Бүгін Қырғызстан парламенті биліктен қуылған президент Асқар Ақаевтың видеотаспаға жазылған сөзін тыңдады, онда Ақаев "азамат соғысын болдырмас үшін елден кеттім" деген.
Ақаевтың 18 минутқа созылатын мәлімдемесі Мәскеуде дүйсенбі күні жазылған еді. 15 жыл басқарған елден өзінің қуылғанын Ақаев "ұлттық апат" деп атап, тарих әлі-ақ мен басқарған уақытқа "жарқын кезең" болды деген баға береді дегенді айтқан.
- Туған халқым алдындағы азаматтық және адамдық парызымды басшылыққа ала отырып және ізгілікті мақсаттарды көздей келе, қызметімнен мерзімінен бұрын өз еркіммен кететінімді жариялаймын, - деген Ақаев.
Парламенттегі тыңдаулардан соң депутататтар Ақаевтың қызметтен бас тартуын қабылдау, қабылдамауды шешетін болады. Парламенттегі 75 заң шығарушының аз бір бөлігі Ақаевты қызметтен жай ғана босата салмай, оны жауапкершілікке тарту керек деген талап айтып отыр.
Қырғыз Парламенті елде жаңа президент сайлауын маусымның 26-да өткізу туралы бұған дейін қабылданған шешімнің күшін жойып, сайлаудың нақты күнін Ақаевтың мәртебесін анықтаған соң белгілейтін болып келісті.