Астанадағы «Кcell Қазақстан» абоненттік бөлімі алдында кезек күтіп екі күн бойы ғимарат ішіне кіре алмай жүргендер де кездесті. Ғимарат ішінен тіркеу бланкілерін сырттағы кезек күткендерге әкеліп жүрген күзетші киімі бар жігіт қағаздары жыртылмас үшін қолындағысын жоғары ұстауға мәжбүр болып жатты.
Кезек күткен Ксеll абоненттері қол телефондарының номерін сәуірдің 14-іне дейін тіркеу жөніндегі хабарламаның жан-жақты болмағанын және енді тіркеу қызметінің сапасыз көрсетіліп жатқанына реніш білдірді. Олардың кейбірі осы айдың 12-інен бері кезектің көптігінен ғимратқа кіре алмай жүргенін айтты.
Абоненттердің қай-қайсының да реніш білдіргені тіркеу қызметінің нашарлығына қатысты болды. Дегенмен де олар мұндай тіркеу жұмыстарының керегі жоқ деп санайды. Ал, кейбір жастар мұны мемлекет қауіпсіздігі үшін деп пайымдайды. Алайда, бұл шараның бір кемшілігі - алдына -ала ескертудің болмауында дейді. Кезек күткен кейбір жастар бұл жағдайды көкектегі әзіл-қалжың деп қабылдапты.
«Кcell Қазақстан» абоненттік бөлімінің ғимаратына кіріп немесе телефон арқылы аталған шараның маңыз-мақсаты жөнінде білу мүмкін болмады. Ал, осы байланыс түрінің актив карталарын сатушы аты-жөнін айтудан тартынған қыз қазіргідей тынымсыз уақытта тіркеу жүргізілуі қажет, пәтер, мәшина сатып алғанда тіркетеміз. Сол секілді телефон нормерлері де тіркелуі керек. Бұл барлығымыз үшін ыңғайлы дейді. Оның айтуынша, тіркеу жүргізудің себебі біреу емес бірнеше. Алайда, ол оны ашып айтудан тартынды. Аталған мәселені Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин Ақпарттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Абен Бектасовтың назарына қойып отыр.
Алайда, халықтың алаңдаушылығын басатын бір хабарландыру болды. Ол тіркеу мерзімінің маусымның 12-іне дейін ұзартылатыны жөніндегі аталған мекеменің алдына ілінген хабарлама. Десе де «Кcell» абонентері мұның қандай қажеттіліктерден туып отырғаны жайынан бейхабар. Олардың бірі бұл қауіпсіздік шаралары үшін десе, бірі аталған байланыс қызметі операторының өз жұмысын реттеуі үшін керек деседі.