РИМ: Бүгін Рим-католик шіркеуінің 52 елден жиналған 115 кардиналы бүкіл әлемдегі 1 миллиардтан асатын католиктің келесі рухани көсемі - Рим Папасын сайлау процесін бастайды. Орта ғасырлардан қалыптасқан дәстүрге сәйкес, кардиналдар осы күннен бастап сыртқы дүниемен байланысын үзіп, Ватиканнан шықпайды. Олар ІІ-Иоанн Павелдің 2 сәуірде қайтыс болуынан кейін, өз ортасынан Римнің Әулие Петрден кейінгі 264-інші Папасын сайлағанша тарқамайды. Сайлау бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?