Мектептің спорт залына келгенімізде тау-тау болып үйілген киімдер мен көрпе төсек. Екі жас келіншек бала емізіп отыр. Балаллар сабақта көрінеді. Өзін Ләйлә Бейісова деп таныстырған келіншек бұл үйде негізінен жан-жақтан көшіп келген жас отбасылары тұратындығын айтты. Осы үйдің тұрғыны Алтынай Әубәкірова болса, апат орын алғаннан кейін ешқандай туысы болмағандықтан түнімен сыртта жүргендігін айтып отыр.
Өтешова Гүлбайда: -Жақында Орбита шағын ауданында болған өрт салдарынан қызымның үйі өртеніп сонда 1,5 миллион теңгедей материалдық шығын келді. Ол үйді тастап осында ұлыма келіп орналасқан кезімде осы уақиғаға тап болып отырмыз,-дейді.
Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы Марат Балмағамбетов тұрғын үйге уақытша жөндеу жұмыстары жүргізілгенше ешкімнің өз пәтеріне кіруіне болмайтындығын айтып отыр. Сары-Арқа ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Қабылдин бұл апатты жағдайға кезінде жөндеу жүргізбеген тұрғындарды кінәлі деп есептейді.
Сары-Арқа ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Қабылдин мен қалалық төтенше жаңдайлар жөніндегі басқарма бастығы Марат Балмағамбетов таңертеңнен бері сыртта жүрген тұрғын үй иелерімен кездесті. Кездесу барысында әкімдіктің өкілдері баспанасыз қалған тұрғындар уақытша туыстарының үйлерін паналай тұрса, аз ғана мерзімде үйге жөндеу жүргізіп сонан кейін тозығы жеткен үйді бұзып, жаңа ғимарат тұрғызатын, инвестор іздейтіндіктерін айтады.
Бұған тұрғындар үзілді-кесілді қарсы болды. Өйткені, әкімдік сылтау тауып жеңіл ғана жөндеумен құтылмақшы, деп сенімсіздік танытып отыр. Баспаныз қалғандар әкімдік уақытында алдын-алу жұмыстарын жасамағандықтан баспанасыз қалған 28 отбасын пәтермен қамтамасыз етуі тиіс, деген талап қойып отыр.