Дауыс беруге дүйсенбіде 115 кардинал қатысқан. Әулие Петр соборының мұржасынан будақтап шыққан қара түтін алғашқы күнгі дауыс беру нәтижесіз болғанын көрсеткен еді. Сонымен, күніне 4 мәртеден дауыс бергеннен кейін кардиналдар шіркеу мұржасынан 2 рет түтін жіберіп отырады. Егер мұржадан ақ түтін шықса, ол дауыс беру нәтижелі болып, әлемдегі 1 млрд 100 млн-дай католиктердің 265-ші рухани жетекшісі сайланғанын білдіреді.