Accessibility links

Вильнюсте Украина мен НАТО ынтымақтастығын кеңейтуге ұсыныс жасалды


НАТО сыртқы істер министрлерінің Литвадағы кездесуі барысында Ресеймен әскери ынтымақтастық келісіміне қол қойылып, Украинамен ынтымақтастықты кеңейтуге ұсыныс жасалды.

НАТО өкілі Джеймс Аппатсерэй бұл келісім НАТО мен Ресейдің бірлескен әскери жаттығуларын ұйымдастыруды жеңілдете түседі деп атап көрсеткен:

- Бұл бірлескен жаттығуларды өткізуді оңайлатады және әскерлер мен жабдықтарды территория арқылы алып өтуге мүмкіндік береді. НАТО-ның күштер келісімі мәртебесі тек одақ елдерімен ғана емес, бейбітшілік үшін әріптестік елдерінің бәрімен де бар. Бұл келісім тараптардың әрқайсысына да көп жеңілдіктер береді, НАТО күштері Ресейде болғанда, Ресей күштері одақ елдерінде болғанда оқытып-үйрету жаттығуларын өткізуге мүмкіндіктер туады.
XS
SM
MD
LG