БІШКЕК. Қырғызстанның бұрынғы вице-президенті Феликс Кулов шілде айында өтетін президент сайлауына үміткер ретінде түсетінін ресми түрде жариялады. Сайлауда Куловтың негізгі бәсекелесі елдің уақытша президенті Құрманбек Бакиев болмақ. Шілденің 10-ына белгіленіп отырған президент сайлауында Кулов жеңіске жетсе, ол Бакиевке премьер-министр лауазымын ұсынатынын айтты. Асқар Ақаев президент болған кезде, Кулов 5 жылдай түрмеде отырды. Ал Ақаев биліктен кетірілген күні Кулов қамаудан босатылып, кейін оған тағылған айыптар түгелдей алып тасталған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі