Accessibility links

Қырғыз саяси өміріндегі өзгерістер одан әрі жалғасуда


Қырғызстан Жоғарғы соты аралық кезең елбасы Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуі жөніндегі хатты оған тапсырды. Бұл жөнінде Жоғарғы сот төрағасы Құрманбек Османов айтқан болатын. Елбасы баспасөз хатшысының айтуынша, Бакиев ол ұсынысты әлі қабыл ала қойған жоқ. Өткен бірнеше күннен бері бірнеше жүздеген адам Жоғарғы сот ғимаратын қоршап алып, Бакиевтің қызметінен кетуін талап еткен болатын. Олар Бакиевті өткен сайлаулар барысында әділетсіздіктердің орын алуына қатысы бар деп айыптап отыр. Бұрынғы елбасы орынбасары Феликс Кулов болса, елбасылық сайлауларға үміткер ретінде қатысатындығын ресми түрде дүйсенбі күні мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG