Accessibility links

Америка Құрама Штаттары Ирақ саясаткерлерін тығырықтан шығып, жаңа үкімет құруды тезірек аяқтауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс қазір Ирақ халқы жаңа үкіметі болуға лайық ел деген.

- Біз, саяси процестегі маңызды тұсты сақтап қалу туралы айтуымызды жалғастырғымыз келіп отыр. Бұл дегеніміз-саяси процестегі маңызды сәтті сақтап қалу, - дейді Райс.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, Ирақтықтар өздеріндегі 30-шы қаңтардағы сайлаудан кейінгі кезеңді сақтап қалуы маңызды болып отыр. Құрама штаттардың ресми өкілдері Ирақтың жаңа үкіметінде кім болуы керек дегенге өз айқындамасы жоқ екенін, бірақ Ирақтың шийт, сүннит, күрдтерінің елдегі бүлікшілдердің шабуылына тойтарыс беретіндей, жаңа үкіметті тезарада құрғанын қалайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG