Accessibility links

Бүгін Ливан әуебазасында Ливанда 29 жыл болған Сирия әскерінің бұл елден шығарылуы атап өтілді.


Тек Сирия күштерінің қалған 300-дей әскері ғана Ливанның шығысындағы Бекаа даласында өткен салтанатты рәсімге қатысып, Сирия шекарасына өтті.

Осыдан екі ай бұрын ғана Ливанда Сирияның 14 мың әскері мен барлау агенттіктері болған еді. 14-ақпанда Бейрутта болған шабуылда Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Харири қаза болған соң, Сирия әскері бұл елден шығарылсын деп Ливан мен халықаралық қауымдастық Сириядан талап еткен болатын. Онда Ливан оппозициясы Хариридің өліміне Сирия жасақтарының қатысы бар деп айыптаған.
XS
SM
MD
LG