Accessibility links

Ирақ көтерілісшілерінің шабуылдары үдей түсуде


АҚШ штаб басшылары одағының төрағасы, әуе күштері генералы Ричард Мейерстің айтуынша, өткен айлардағы Ирақ көтерілісшілерінің шабуылдары былтырғы жыл деңгейіне жетіп қалған. Бұл хабарламаны ол Пентагондағы баспасөз мәслихатында жасады. Дей тұрғанмен Мейерс мырза “АҚШ-тың бастауындағы коалиция Ирақта жеңіске жетуде”, деді. Мейерс мырза мен Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд “Ирақтағы саяси үдерістерді жедел түрде алға жылжыту көтерілісшілерді әлсіретудің ең тиімді жолы болар еді”, деді.
XS
SM
MD
LG