СОФИЯ: Кеше Болгария соты әскери қылмыстар жасады деп айыпталған жоғары шенді Сербия офицері Сидомир Бранковичті оның дипломатиялық иммунитетін ескеріп қамаудан босатты. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена келісіміне сәйкес, дипломатиялық иммунитеті бар саяси тұлғаларды өзге елдерде қамауға болмайды. Сербияның әскери делегациясы құрамында Болгарияға сапарға келген полковник Сидомир Бранкович Хорватияның сұрауы бойынша Интерпол бөлімі сейсенбі күні тұтқындады. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.