БАҒДАД: Ирақтағы “Әл-Қаида” ұйымымен байланысы бар топ иорданиялық компанияда жұмыс істейтін судандық 6 көлік жүргізушіні атып өлтірді. Аталмыш компания Ирақтағы АҚШ күштеріне қызмет көрсетіп келеді. Бұл мәлімдеме бейнесюжетімен бірге ислам сайттарының біріне шықты. Ирақтың өзге аудандарында жарылғыштарды қолданып ұйымдастырылған шабуылдардан 4 адам, оның ішінде жоғары шенді 2 офицер қаза болып, 7 кісі жараланды. Кеше Ирақтың Ұлттық ассамблеясы премьер-министр Ибраһим Әл-Жафаари бастаған жаңа үкіметті мақұлдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты