Accessibility links

Қырғыз полициясының хабарына қарағанда, белгісіз шабуылшылар Парламент мүшесі Байаман Еркінбаевті атып жаралаған


Еркінбаевтің айтуынша, оқиға бейсенбі күні кешке болған. Оған көліктен оқ жаудырған. Оқ оның мұрнына тиген.

- Мен бұл шабуылдың саяси астары бар екендігіне сенімдімін. Бұл менің президент сайлауына қатысамын деген шешіміме байланысты қастық шабуыл, - дейді Парламент депутаты.

Ал Қырғызстан бас прокуроры міндетін атқарушы Бекназаровтың айтуынша, бұл шабуылдың саяси мақсаты жоқ деген.

Президенттіктен үміткер Байаман Еркінбаев Қырғызстандағы ең дәулетті адамдардың бірі екен. Еркінбаевтің Оштағы өзінің өнер мектебінде дайындықтан өткен милиция қосыны бар көрінеді.
XS
SM
MD
LG