Accessibility links

Жұма күнгі шабуылдарда Ирақ күштерінен кемінде 50 адам қаза тапты


Бұл күнгі шабуылдарда, сондай-ақ, 100-ден астам азамат түрлі жарақат алды. Бағдадта және қала маңайында кемінде 13 рет көлік бомбысы жарылды. Сондай-ақ, солтүстіктегі Бақуба, күрдтер қаласы Арбилде және Бағдадтың солтүстігінде АҚШтың әскери лагеріне жақын жерде бомбы жарылыстары болды. Қаза тапқандардың көбі ирақтық сарбаздар, сондай-ақ құрбан болғандар арасында, қатардағы азаматтар және АҚШ солдаттары да бар.

Қара тізімнің төріндегі бүлікшіл жетекші Ал-Зарқауидің таспаға жазылған даусында АҚШ күштеріне қарсы жаңа шабуылдар жасалады деп американдықтармен қызметтес болатындарды ескерткен.
XS
SM
MD
LG