«Жастар таудағы тазалыққа қамқоршы» деген атпен өткен бұл сенбілікті ұйымдастырушылар Алатау етегіндегі Медеу шатқалын қалдық-қоқыстан таза ұстап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға үндеп, өз істерімен үлгі көрсетпек. Сенбі күні Медеу аймағын тазартуға арнайы келген жастардың бірі – Нұртастың айтуынша, ол өз құрбы-құрдастарымен демалыс күндері Медеу шатқалына жиі келеді екен.
- Себебі, мен Алматыға келген алғашқы жылы қаланың ауасына үйрене алмай қойдым. Қала толған автокөліктің көк түтінімен тыныстау мүмкін емес, одан менің басым ауыратын болды. Сол кезден бастап бос уақыт болғанда ауасы таза осы тау жаққа баруды әдетке айналдырдым. Өзім тынығып, таза ауасымен демалып қайтатын бұл жерді күту үшін мен бүгін осы жұмысқа ат салысқым келді, - деді Нұртас.
Нұртас секілді тау бөктеріне әсем табиғаттың саф та ылғалды ауасын жұтуға осында келетіндер аз емес. Медеу шатқалы – алматылықтардың сүйікті демалыс орны, осында келген қонақтарға көрсетер мақтанышы. Әсіресе, жаз айларының демалыс күндері Медеуге барар жол көлікке толы болады. Бірақ, ауасы бұзылған Алматыдан осында демалуға келгендер өзінен кейін қалдырған қоқыстар мен қалдықтардан да көз сүрінеді.
Солардан табиғатты арылтуға арналған осы тазалық акциясын өткізуге «Жастар бастамасын дамыту орталығы» мен Ұлыбританияның Алматыдағы елшілігі мұрындық болды. Бұл шараға жұмылған алматылық студенттер қоршаған ортаға қамқорлық шаралары үнемі өткізілуі керек деп санайды.
Демалыс күндерінде Алматының әйгілі Көктебесіне көтеріліп, жасыл желекті табиғатта демалғанды ұнататын студент Гүлімжан Иманқұлова, жоғарыдан қарағанда өзінің сүйікті қаласы - Алматының қандай күйде көзге көрінетінін айтады:
- Көктөбеге көтерілгенде қаланың ауасы таза емес екеніне бірден көз жеткізуге болады. Қаланың үстін үнемі көк түтін басып тұрады, ал бұл сол қалада тұратын біздің денсаулығымызға жақсы әсер етпейді ғой. Сол себептен, біз мүмкіндігімізше Алматы экологиясының таза болуына үлес қосуымыз керек.