Accessibility links

Вьетнам бүгін соғыстың аяқталып, Сайгонның құлағанына 30 жыл толғанын тойлауда


Сол кезде Сайгон деп аталған қазіргі Хо Ши Мин қаласында бүгін шеру болып, оған соғыс ардагерлері, ұлттық коммунистік басшылар қатысты. Жеңіс күнін асқан салтанатпен тойлау АҚШ-пен арадағы дамып келе жатқан экономикалық қарым-қатынастарға нұқсан келтірер деген сақтықпен, вьетнамдықтар өткеннен гөрі алдағы болашаққа көбірек көз тіккендей. Өткен жылдардағы мерекелеуден бір ерекшелеу болғаны - бүгінгі шеруде танктер мен зымырандар сапқа қойылған жоқ, тек музыка қалықтап тұрды.

Жұма күні Вьетнам премьер-министрі Фан Ван Хай 2 миллион вьетнамдықтың өмірін алған, 58 мың американдық жауынгерді опат еткен Вьетнам соғысына қатысқан тараптардың бәрін де өткенді ұмытуға шақырды.

АҚШ әскерлері Вьетнамнан Сайгон құлардан екі жыл бұрын кеткенімен, Вашингтон Оңтүстік Вьетнам әкімшілігіне соғыс біткенше қолдау көрсетіп тұрған. Біріккен Вьетнам мен Америка арасында дипломатиялық қарым-қатынас осыдан он жыл бұрын ғана орнаған еді.
XS
SM
MD
LG