КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның Кунар өлкесінде есірткі өндірісіне қарсы күресетін полицияның автокөлігі минаға жарылып, 3 полицей қаза болды, тағы екеуі жараланды. Есірткіге қарсы күресетін Ауғанстан полицияның бастығы генерал Камал Садат бүгін осы қастандық үшін жауапкершілікті есірткі саудагерлеріне жүктеді. Өткен жылы Ауғанстан героин есірткісінің шикізаты болып табылатын апиынның бүкіл әлемдегі 87 пайызын өндірді. Алайда есірткіге қарсы күрес жергілікті фермерлердің қарулы қарсылығына тап болды.