Accessibility links

Түркия мен Германияда 1-інші мамыр шеруіне шыққан ондаған адам қамауға алынды.


МӘСКЕУ: Бүгін – 1 -інші мамыр - жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні бүкіл әлемде шерулер мен жиындар болып өтті. Мәскеуде 20 мыңдай адам айлық жалақының ең төменгі деңгейін көтеруді талап етіп, қолдарына қызыл жалау және Ленин мен Сталиннің портреттерін ұстап шеруге шықты. Мұндай шерулер Ресейдің 600-дей қаласы мен елді-мекендерінде болып өтті. Стамбул қаласында түрік полициясы 1-інші мамыр шеруіне шыққан 47 адамды, Берлинде неміс полициясы шеруге шығып қоғамдық тәртіпті бұзған 65 кісіні қамауға алды. Бангладеште ең төменгі жалақыны ұлғайтып, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын жақ сартуды талап еткен мыңдаған жұмысшы шеруге шықты. Бағдадта да осы күні бірнеше ондаған жұмысшы шеру ұйымдастырды. Бүгін Нью-Йорктің орталық саябағында Ирақтағы соғысқа қарсы және ядролық қарудан бас тартуға шақырған митингі өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG