Accessibility links

Ресей патриархы ІІ-нші Алексий православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.


МӘСКЕУ: Ресейдегі православие шіркеуінің патриархы ІІ-нші Алексий миллиондаған діндесін православие христиандарының ең киелі күні – Пасха мерекесінің бірінші күнімен құттықтап, денсаулық пен бақыт тіледі. Патриархтың атап көрсетуінше, Пасха мерекесі оны тұтынатын азаматтардың барлық қиындыққа төтеп беруіне дем береді. Мәскеудегі құтқарушы Христос шіркеуіне Ресей президенті В.Путин, премьер-министр М.Фрадковпен бірге мыңдаған адам жиналды. Пасха мерекесімен құттықтап сөйлеген сөзінде В.Путин Ресей рухани қайта өрлеу жолында тұр деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG