Accessibility links

Парижде орналасқан “Шекарасыз журналистер” ұйымы бүгін арнайы баяндама жариялады


“Шекарасыз журналистер” ұйымының арнайы баяндамасында айтылғанындай, Ирақта өткен жылы 19 журналист қаза болып, 12-сі кепілдікке тұтқынға алынған екен. Ресей, Беларус, Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан басшыларын тәуелсіз баспасөзге қысым жасағаны үшін баяндама сынға алып отыр. Иран елі болса өткен жыл ішінде 13 журналисті қамауға алып, тағы 60-тайын түрлі жағдайда сотқа немесе полиция тергеуіне тартқан екен.

Лондонда орналасқан Амнести интернейшнл ұйымы бүгін баспасөз арқылы хабар таратты. Онда олар Еуропа мен Орта Азияның біраз өкіметтерін күш қолданулары үшін сынады. Өз хұқықтарын бейбіт түрде талап еткен азаматтарды түрлі қинауларға душар етіп, сотқа тартқан елдер қатарында Ресей, Беларус, Түркия және Түркменстан елдері аталған. Аталған ұйым сонымен бірге адам хұқын қорғаушы белсенділер әрекеттерін кейбір мемлекеттердің қылмыстық іс ретінде көрсетуге тырысып, ол белсенділерді қамауға алып, түрлі қинауларға ұшыратып жататындығына байланысты алаңдаушылық білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG