Accessibility links

Франция президенті Жак Ширак француз халқын 29 мамырда болатын референдумда Европа одағының Конституциясын қолдап дауыс беруге шақырды


Президент жаңа Конституцияда француздардың адам хұқтары мен демократия тұрғысындағы барлық құндылықтары көрініс тапқан деп айтты. Жак Ширак, егер Франция тұрғындары Конститутцияны қабылдамайтын болса, оны қайта қарап, келісімдер жүргізудің ешбір мүмкіндігі жоқ деп атап көрсеткен.

Европа одағының Конституциясы қабылданып, толық күшіне енуі үшін одақтың 25 мемлекеті оны түгел мақұлдауы қажет.
XS
SM
MD
LG