АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс азаматтық бағыттағы ядролық бағдарлама дегенді желеу етіп ядролық қару жасауды дамыту ісін Иранның тоқтатуы керектігін АҚШ қайталап сұрайды деп мәлімдеді. Европа одағының сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Соланамен әңімелесуден кейін, Райс Иран ядролық қаруды таратпау шарасына қатер төндіретін технологияларға қол жеткізбеуі керек деп атап көрсеткен.