Accessibility links

АҚШ елшілігі Өзбекстандағы пикетке орай өз ұстанымын білдірді


ТАШКЕНТ: Бүгін Өзбекстандағы АҚШ елшілігі кеше елшіліктің жанында өткен наразылық акцияға қатысты өз мәліметін таратты. Елшіліктің мәліметіне қарағанда, бұл қарсылық шара ой-пікір бостандығына барар жолдағы бір жаттығу болды.

Елшілік, сондай-ақ, биліктегілердің жиналғандарды күшпен таратуына өкініш білдірді. Наразылық танытушылар саны 100-ге жуық болды. Олардың көпшілігі 1999 жылы билік тарапынан жекеменшік фирмасын алып қойған фермер Баходир Чориевтің туыстары екен. Ол өз фирмасының тәркіленгеніне наразылық білдіргені үшін бірнеше рет тұтқындалып, ақыр соңында АҚШ-тан баспана сұрауға мәжбүр болған еді.

Елшілік жанында шатырлар құрып, наразылық танытушылар өз жеке қазыналарының қайтарылуын талап етті, олай болмаған жағдайда Америкадан баспана берілуін сұраймыз деген.
XS
SM
MD
LG