Accessibility links

Ауғанстанда ең кемінде 20 бүлікші мен 9 солдат опат болған


Кеше Қандағар провинциясында жаугерлік топтардың АҚШ пен Ауған күштеріне тұтқиылдан жасаған шабуылынан кейінгі шайқаста кемінде 20 көтерілісші мен 9 ауған солдаты опат болды деп хабарлаған АҚШ әскерилері.

Ауған жауынгерлері оның алдындағы күні оңтүстік-шығыстағы Забұл аймағында болған ұрыс кезінде қаза тапқандар тізімін екі есеге өсіріп, олардың саны 44-ке жетті деп айтқан.

Кеше сондай-ақ БҰҰ-ы Ауғанстанда жұмыс істеп жатқан халықаралық көмек ұйымдарындағы әйел қызметкерлердің тағдырына алаңдаушылық білдірді, соның алдында ғана үш әйелдің мәйіті жол жиегінен табылған болатын.
XS
SM
MD
LG