Accessibility links

Михаил Саакашвили Мәскеудегі мерекелік шараларға қатыспайды


Грузия сыртқы істер министрі Салом Зурабишвили кеше Мәскеуде Ресей ресмилерімен әңгімелесулерден кейін, Грузия президенті Михаил Саакашвили Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін Мәскеуге келмейді деп айтқан. Ресей Совет кезеңінен бері Грузиядағы екі әскери базаны өз қолданысында ұстап келеді.

Ресейлік әріптесі Сергей Ивановпен өткізген келіссөздерден соң, С.Зурабишвили Ресейдің әлгі базаларды босатуы қажеттігі бағытында салмақты пікір-көзқарастар ортаға салынбады деп айтты.

Кеше Зурабишвили базалардың босатылуы - Грузиядағы парламенттік және президенттік сайлаулар өтетін - 2008 жылдың қаңтарына дейін аяқталуы тиіс деген болатын. Келіссөздер барысында табыстарға қол жетпегендіктен де, грузин президенті Ресейдегі 60 жылдықты тойлау мерекесіне қатыспайды деп айтқан.
XS
SM
MD
LG