Accessibility links

Дж.Буш тағы да Ресейдегі демократияның тағдырына алаңдайтынын білдірді


МӘСКЕУ: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың хабарлауынша, кеше АҚШ пен Ресей президенттері Дж.Буш пен В.Путин өзінің Мәскеу түбіндегі саяжайында өткізген келіссөзінде көп проблеманы, оның ішінде Ресейдегі демократиялық реформалалардың тағдырына Вашингтонның алаңдауы себептерін талдасты. Оның ішінде Дж.Буш В.Путиннің демократиялық прнинциптердің маңыздылығына ерекше назар аударған жуырдағы халыққа жолдауына тоқталды. К.Райстың атап көрсетуінше, бұл келіссөз екі президенттің кез-келген тақырыпты өзара еркін де достық көңіл-күйде талдай беретінін тағы да айқын көрсетіп отыр. Екі президент Таяу Шығыс пен Ирақтағы, Солүстік Кәрея мен Ауғанстандағы және Ирандағы ахуалды сөз етті.
XS
SM
MD
LG