Accessibility links

Адам шығынына қарамастан БҰҰ-ы Ауғанстандағы өкілдігін қысқартпайды


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Ауғанстан астанасындағы Ұлттар Ұйымына қызмет еткен 3 кісіні, оның ішінде Мианмар деген инженерді жанпидашыл-лаңкестің жарып өлтіруіне наразылық білдірді. Жарылыс Кабул маңайындағы интернет-кафесінде болды. Осы қастандыққа байланысты жолдаған хатында Бас хатшы К.Аннан соңғы апталарда Ауғанстанда қантөгістің үдей түскенін атап көрсетіп, АҚШ бастаған халықаралық күштерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. БҰҰ-ы өкілінің атап көрсетуінше, БҰҰ-ы Ауғанстандағы өкілдігін, оның ішінде 18 қыркүйекке белгіленген парламент сайлауына дайындық көмегін қысқартуды жоспарламайды.
XS
SM
MD
LG