Accessibility links

Иранда президент сайлауына түсетін үміткерлерді тіркеу басталды


ТЕҺРАН. Бүгін Иранда 17 маусымда өтетін президент сайлауына түсетін үміткерлерді тіркеу басталды. Үміткерлер Иранның болашағына деген өздерінің жоспарлары мен көзқарастарын 14 мамырға дейін жариялауға тиіс. Иранның қазіргі президенті Мухаммад Хатами – заң бойынша үшінші рет мемлекет басшылығына сайлана алмайды. Барлық үміткер идеологиялық көзқарасы тұрғысынан арнайы Кеңестің сынағынан өтуге тиіс. Иранның 70 жастағы бұрынғы президенті Ақбар Хашеми Рафсанджани үміткерлердің бірі ретінде кең насихатталды. Бірақ өзі сайлауға түсетін-түспейтінін әлі жариялаған жоқ. Рафсанджани – 1989-1997 жж. аралығында 2 рет президент тағында отырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG