Accessibility links

Берлинде неміс фашистерінің қолынан құрбан болған 6 млн. еврейге ескерткіш ашылады


БЕРЛИН. 2-нші дүниежүзілік соғыстан 60 жыл өткеннен кейін бүгін Германия астанасында фашистердің қолынан құрбан болған 6 млн. еврейге арналған ұлттық мемориал ашылады. Берлинде ашылатын бұл ескерткіштің ашылу салтанатына концлагерлерден аман шыққандар мен саяси лидерлер келмекші. Америкалық сәулетші Питер Айзенманның жобасы бойынша құйылған мемориал - тарихи ескерткіш болып табылатын Бранденбург қақпасы мен 2-нші дүниежүзілік соғыстың ақырғы күндерінде Адольф Гитлер өзіне-өзі қол салып өлген жерасты бункерінің жанына қойылады.
XS
SM
MD
LG