Accessibility links

Брюссель Мәскеуден Еуроодақ елдерінде заңсыз жүрген өз азаматтарын шақыртып алуын талап етеді


МӘСКЕУ. Бүгін Ресей мен Еуроодақ басшылары Мәскеуде бас қосып, келіссөз қорытындысы бойынша саясат пен экономика, ішкі және сыртқы қауіпсіздік пен құқық, ғылым мен білім беру және мәдениет сынды негізгі салалардағы кең ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға тиіс. Мәскеу мен Брюссель Еуроодаққа мүше елдерге Ресей азаматтарының баруын жеңілдету туралы келіссөз жүргізді. Өз тарапынан Брюссель Мәскеудің Еуоодақ елдерінде заңсыз жүрген Ресей азаматтарын шақыртып алуын талап етіп отыр. Мәскеудің Еуроодаққа өткен жылы қабылданған Балтық теңізі жағалауындағы 3 ел – Латвия, Литва және Эстониямен арадағы салқындап кеткен қарым-қатынасы да сөз болмақшы.
XS
SM
MD
LG