Жанар Әбділдинаны осыдан бір апта ғана бұрын, яғни мамырдың 3-і күні оның жора-жолдастары, «Хабар» агенттігінің ұжымы туған күнімен құттықтаған екен.
- Марқұм Жеңіс мерекесі бітсін, содан соң барлығымыз туған күнімді жақсылап бір тойлайық деп айтқан еді, ақыры, кенет келген ажал оған да жеткізбей, міне, дәм-тұзы осылайша бітті, - деп еске алады «Хабар» телеарнасының бас продюсері Қайнар Олжай.
Алматы қалалық ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінің БАҚ-мен байланыс бөлімінің бастығы Ернұр Уәли жол апаты түнгі сағат бір кезінде Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысында болғандығын айтып отыр. Оның айтуынша, Науаи көшесі бойымен кетіп бара жатқан, ішінде Жанар Әбділдина бар, «Ауди А4» автокөлігін артынан «Мицубиси Диамонд» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп соққан.
Осы жол апаты салдарынан «Хабар» агентігінің бас директоры Жанар Әбділдина сол жерде қайтыс болған. Ал онымен автокөлік ішінде бірге болған Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсенбаева, Тимур Орманшиев есімді азамат және көлік жүргізушісі Серік Бақбаев түрлі дәрежедегі жарақаттар алып, қазір ауруханада жатыр.
Жанар Әбділдина Алматы сәулет-құрылыс институты мен Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітіріпті. 1996 жылы мемлекеттік мүлік комитетінде, ал 1999 жылдан қаржы полициясы органдарында жұмыс істеген. 2002 жылғы шілде айында «Еуразия-ОРТ» ЖАҚ әкімшілік мәселері жөніндегі директоры, ал осы жылдың қазан айынан аталмыш компанияның бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
Ал 2004 жылдың ақпан айынан бастап «Хабар» агентігінің бас директоры және басқарма төрайымы болып істеп келген.
Марқұммен қоштасу 2005 жылдың мамыр айының 12-сі күні таңертеңгі сағат 11-де Алматыдағы Република алаңындағы «Хабар» агентігінің ғимаратында өтеді.