АҚШ Сенатының сыртқы істер комитеті АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігіне ұсынылған Джон Болтонның кандидатурасын Сенаттың толық қарауына жолдады. Мәселе комитет ішінде терең келіспеушілік туғызды, нәтижесінде комитет Джон Болтонның кандидатурасын әзірге қолдаған да жоқ, кері де қайтармады. Сенатта Республикалық партияның депутаттары басым болса да, олардың кейбіреуі Джон Болтонның қару бақылау бастығы қызметіндегі деңгейіне күмән келтірді. Демек, президент Джордж Буш ұсынып отырған ең даулы кандидат Сенатта одан ары пікірталас ортасына түседі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV