Accessibility links

Сербия премьері Косово өлкесінің үкіметін бетпе-бет келіссөзге шақырады


БЕЛГРАД. Бүгін Сербияның премьер-министрі Воислав Коштуница Косово өлкесі үкіметінің төрағасы Бажрам Косумиді осы айдық соңында тікелей келіссөз өткізуге шақырды. В.Коштуницаның өкілі Срджан Джуричтің хабарлауынша, серб премьері Сербия мен оның Косово өлкесі арасындағы шешімін таппаған көп проблема бойынша ортақ тіл табуға тырысып көрмекші. Б.Косумидің кеңсесінен әзірше еш хабар жоқ. Өткен айда Сербия президенті Борис Тадич те Косово басшысы Ибраһим Ругованы бетпе-бет келіссөзге шақырып, бірақ Косово албандарының лидері одан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG