МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеудің Мещан соты “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесі Михаил Ходорковскийге қарсы шығарылған өкімімен таныстыруды сейсенбіге қалдырды. Бұл үзілісті судья өкімді 3 сағат бойы оқығаннан соң жариялады. Өкімнің бүгінгі мәтіні алдыңғысын толық қайталайды. Сот өкімі Ходорковскийді, оның адвокаттарының мәлімдеуінше, міндетті түрде “айыпты” деп табады. Оған мемлекеттің дүние-мүлкін талан-таражға салды, алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды дегендей айыптар тағылып отыр. Ходорковский өзін Кремльдің тапсырысы бойынша түрмеге жауап, тергеу үстінде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты