ӘНДІЖАН. Қауіпсіздік күштері жүздеген наразылық танытушыларға оқ атты деген хабарлардан кейін, батыс елдері қазір Өзбекстан үкіметіне қысым көрсетуде. Британия сыртқы істер министрі Джэк Строу Өзбекстанның билік орындарын халықаралық көмек көрсету ұйымдарына, шет ел дипломаттарына және журналистерге Әндіжанға келуіне рұқсат беруге шақырды. Куәгерлер мен хұқық қорғаушылардың мәліметтеріне қарағанда, жұма күні Әндіжандағы толқуларда Өзбекстан әскерлері наразылық танытушыларға оқ атқан, соның салдарынан 500-ден астам адам қаза болып, 2 мыңдай адам жарақат алған. Жүздеген адам көршілес Қырғызстанға қашып кеткен. “Amnesty International” ұйымы әскерлердің қару қолданғандарын айыптап, Өзбекстан үкіметін Әндіжандағы қантөгісті тергеуге шақырды. АҚШ пен Европа елдерінің басшылары Әндіжандағы жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдірді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Өзбекстандағы жағдай тұрақсызданып кетпес үшін, Өзбекстан басшылығы шұғыл түрде саяси реформаны қолға алуы тиіс деді. Райс ханымның айтуынша, АҚШ ресмилері Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы оқиғалар туралы ақпарат жинап жатыр. Президент Ислам Каримовтың үкіметі Өзбекстан әскерлері ереуілшілерге қарсы оқ атпаған дейді.
Кеше Ташкенде оппозициялық және құқық қорғаушы топтар Әндіжандағы оқиғағаға байланысты наразылық акция өткізді. Құқық қорғаушы Саиджахон Зайнабуддиновтың айтуынша, сенбі күні Пахтабад қалашығында үкімет әскерлері наразылық танытқан 200 адамды өлтірген. Бірақ бұл мәлімет әлі расталған жоқ. Азаттық радиосының тілшісі Елмұрат Юсупалиев Қарасу қалашығында жағдай тыныш дейді:
- Шекарашылар мен полиция қызметкерлері болмағанымен Қарасу қалашығында жағдай тыныш. Бұл жерде ешқандай ұрлық пен тонаушылық жоқ. Құрғонтепа әкімінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері кеше жұмысқа шықпаған және қаланың көшелерін күзетпеген, - деді Юсупалиев.
Өзбекстан үкіметі Қарасу мен Пахтабадтағы оқиғаларға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.