Accessibility links

Палестинада жаңа сайлау заңы қабылданды


Палестина парламенті бүгін жаңа сайлау заңын қабылдады, бірақ президент Махмұд Аббас оны кері қайтаруы мүмкін. Аббас және "Фатах" қозғалысы барлық депутаттар партиялық тізімдерден іріктелсе дейді, жаңа заң болса депутаттардың үштен екісі тікелей дауыс беру арқылы сайлану керек дейді. Депутаттар бұл қарама-қайшылық 17-ші шілдеге белгіленген парламенттік сайлауды шегіндіруі мүмкін деп алаңдайтындығын айтты. Газа секторында израилдік сарбаздар бүгін "Хамас" тобының мүшесін жаралады. Мұның алдында қарулы атыста палестиндік соғысушы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG