Европа комиссиясының президенті Жосе Мануел Баррозу алдағы референдумда Франция мен Нидерланды Европа одағының Конституциясын жақтап дауыс бермеуі мүмкін деп айтқан. Ол бұны бүгін Британия премьері Тони Блэрмен кездесуден кейін ескерткен. Конституция бойынша Франция 29 мамырда, Нидерланды 1 маусымда рефендум өткізуі тиіс. Европа одағының жетекшілері Одақтың жаңадан дайындалған Конституциясына негізгі елдердің бірі - Франция жақтап дауыс бермейтін болса, алдағы саяси даму қалай болады деген алаңдаушылық білдіре бастады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?