ДЖАКАРТА. Индонезиядағы мыңдаған мұсылман АҚШ әскерилері мұсылмандардың қасиетті Құран кітабын қорлаған деген даулы мақалаға байланысты наразылық білдіруде. Бүгін наразылық танытушылар Джакартадағы АҚШ елшілігінің жанында жиналып, АҚШ-қа қарсы ұрандар айтты. Естеріңізге сала кетсек, АҚШ-та шығатын “Ньюсуик” журналы мамырдың 9-нда, Кубадағы Гуантанамо Бэй лагерінде американдық тергеушілер Құранды қорлап, дәретханаларға қойған деген мақаласын жариялаған болатын. Сол мақаладан кейін бірнеше мұсылман елдерінде наразылық акциялар өрістеп кетіп, кем дегенде 14 адам қаза болған. Бірақ, кейінірек, “Ньюсуик” аталған мақаласындағы деректер шындыққа үйлеспейтінін хабарлаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр