Accessibility links

Би-Би-Си корпорациясы 27 мың қызметкерінің 15 пайызын жұмыссыз қалдырмақшы


ЛОНДОН. Ұлыбританияның хабар таратушы “Би-Би-Си” корпорациясының қызметкерлері бүгін компания басшылығының жұмыстан босату жоспарына наразылық білдіріп, 24 сағаттық ереуіл өткізбекші. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, бұл ереуіл компанияның күнделікті қызметіне, оның ішінде “жаңалықтар” қызметінің жұмысына айтарлықтай әсер ететін тәрізді. Корпорацияның 27 мыңдық қызметкерлерінің 15 пайызға жуығы жұмыстан босатылуға тиіс. Корпорация басшылығының мәлімдеуінше, бұл қысқарту – компания жұмысын жетілдіру мен қайта жабдықтау мақсатында іске асырылмақшы.
XS
SM
MD
LG