Accessibility links

Еуроодақтың Әндіжан қаласында болған қанды оқиғаның жай-жапсарын тергеуді дереу бастауға шақыратын декларация қабылдады


БРЮССЕЛЬ. Кеше Брюссельде өткен мәжілісінде Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған қанды оқиғаның жай-жапсарын тәуелсіз тергеуді дереу бастауға шақыратын декларация қабылдады. Басқаша жағдайда, деп атап көрсетілді бұл құжатта, Еуроодақ И.Кәрімовтің билігіне қарсы қатаң жаза қолдануы мүмкін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағасы Д.Рупель. “Мен Өзбекстанды 13 мамырда Әндіжанда болған оқиғаға тәуелсіз тергеу жүргізуге мүмкіндік беруіне шақырдым. Бұл үндеуді Еуроодақ пен АҚШ қолдады. Мұны Ресей Федерациясындағы достарымыз да мақұлдады”, -деп атап көрсетті. Еуроодақ министрлері Өзбекстанның қауіпсіздік күштерінің наразылыққа шыққан бейбіт халыққа қарсы қару қолдануына ащы нарызылық білдіріп, қазан айында өтетін президент сайлауының еркін де әділ өтуін қатамасыз етуі үшін ресми Ташкентке деген қысымын жалғастыра беретіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG