Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Кофи Аннанның осы жазда Косоводағы демократиялық және ұлттық азшылық реформаларын жан-жақты шолу жоспарына қолдау танытты


Кеңес мүшелері Косово албандары аймақ мәртебесі туралы басты келіссөздер алдында көптеген демократиялық жетістіктерге жетті деп мәлімдейді. БҰҰ-ның елшісі Сорен Жессен Петерсен кездесуден кейін былай деп атап көрсетті:

- Мен тек қана қайталап айтқым келеді, мұнда ешқандай түсінбеушілік жоқ. Бұрын да айтқам, шешім алдын ала белгілі болған. Бүгінгі маңызды нәрсе - ол біздің талқылаулар бойынша дұрыс жолда екендігіміз.

Петерсен Кеңес мүшелеріне қайтып келіп жатқандар аз болғанымен де мұнда көптеген негізгі реформалар бойынша алға жылжушылықты көргенін айтқан. Косово істері бойынша Белградтың басты өкілі Кович қауіпсіздік үшін алаңдаушылық болғандықтан да қайтып келіп жатқандардың әзірге аз екендігін айтқан, ол реформаларға жасалар шолу әділетті болады деп үміттенемін деген.
XS
SM
MD
LG